Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды