Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты