Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

Қазір оқып жатыр

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді

Басынан оқ жарақатын алған: Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды