Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

– Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады