Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. – Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді. 

Айта кетейік, жаңа Рим Папасы АҚШ-тан шыққан кардинал Роберт Прево дауыс беру арқылы сайланған еді.

Қазір оқып жатыр

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды

Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды