Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Премьер-Министр еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады