Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

17 мамыр күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, телефон арқылы тілдесті.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшылары арасындағы әңгіме барысында Мирзиёев Тоқаевқа жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, қазақ халқының өркендеуі мен амандығына ниеттестік білдірді.

Сондай-ақ тараптар өзбек-қазақ арасындағы достық пен одақтастық байланыстарды тереңдету, алдағы екіжақты кездесулер мен халықаралық деңгейдегі іс-шараларды талқылады.

Келіссөз аясында сауда, өнеркәсіптік кооперация, логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім мен мәдениет бағыттарындағы жаңа жобаларды дамыту, тәжірибелік әріптестікті нығайту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен Ресей Президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко да құттықтаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?