Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің беделді көшбасшылығының арқасында Өзбекстан дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік-экономикалық салада елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында екі ел арасында сенімге, тату көршілік байланыстарға әрі өзара қолдауға негізделген стратегиялық және одақтастық қатынастар қалыптасқанына назар аударылды. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ғылым-білім саласындағы серіктестік нығайып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүкіл Орта Азияның орнықты дамуы көбіне екі мемлекеттің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Осыған орай тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты шаралар қабылдап жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік кооперацияның өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, екіжақты форматта және халықаралық іс-шаралар аясында жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер кестесін қарастырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді