Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады.

Ақорда

Астана, NEGE. Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.