Мемлекет басшысы Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтады.

Ақорда

Алматы, NEGE. – Қазақстан Люксембургпен арадағы достыққа, өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды. Сізбен осы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, халықтарымыздың игілігі жолында екіжақты ықпалдастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашатынымызға сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Президент Жоғары Мәртебелі Король Анридің Ұлы Герцог ретінде атқарған жауапты мемлекеттік қызметін аяқтауына байланысты ілтипат білдіріп, тілектестігін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді