Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Aqorda

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске және кубалық халыққа Революцияның салтанатты жеңісі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастың бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев кубалық көшбасшының жауапты қызметіне табыс, ал Куба халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді