Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспамөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі.

Қазақстан Президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.