Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпин мен оның барша отандасын «Чуньцзе» мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент жаңару мен бірлікті, мейірімділік пен жасампаздықты дәріптейтін қастерлі мейрамға орай жылы лебізін жеткізіп, елін бүгінгіден де биік белестерге жетелеуді көздеген ҚХР Төрағасының стратегиялық бастамалары мен игі жоспарларына сәттілік тіледі.

– Қазақстан мен Қытайдың мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі күннен-күнге жанданып, мызғымас достық пен өзара тиімді ықпалдастықтың үлгі тұтарлық көрінісіне айналғанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бұл игі іске Сіздің қосып отырған ерекше үлесіңізді жоғары бағалаймын және Қытаймен сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға мүдделі екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Өнер қырандары театры Шымкент қаласының әкіміне үндеу жасады

Президент бірыңғай QR жүйесіне қосылмаған ірі банктерді сынға алды

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды