Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.

Ақорда

Алматы, NEGE. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады