Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Одан бөлек президент "Қазақстан үкіметі мен Қатар мемлекетінің үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін