Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастыру, отандық боксшыларды жаттықтыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған шаралар жөнінде баяндалды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының Ливерпульде өткен Әлем чемпионатындағы табысты қызметіне оң баға берді.

Президент мемлекеттің боксты дамытуға баса мән беретінін, бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін жеткізді.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қазақстандық былғары қолғап шеберлерін жоспарлы әрі жан-жақты даярлаудың маңызы атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?