26 февраля 2025 г. 12:10
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.
Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.