Мемлекет басшысы Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берілді.

Ақорда

Алматы, NEGE. Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspikz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған.

Мемлекет басшысы Kaspikz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады.

Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр