15 мая 2025 г. 15:12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Фото: Ақорда

Президенттің баспасөз қызметі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмайтынын хабарлады.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының туған күніне орай қандай да бір салтанатты шаралар өткізілмейді. Президент бұл датаны атап өтпейді», – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген. Биыл 72 жасқа толады.