Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорда

Астана, NEGE. Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.