2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Мемлекет басшысы Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті. 

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.