Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ақорда

Астана, NEGE. – Мен Астана және Джакарта арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген сенімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Осы орайда, өзіңізбен бірлесіп, екі елдің достық қарым-қатынасын одан әрі дамыта түсуге бар күш-жігерімді жұмылдыруға дайын екенімді мәлімдеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоның сындарлы саясаты мен көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Индонезия Республикасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды