23 апреля 2025 г. 15:17

Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады. Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады.

Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды.