Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хатшысы Серхио Мухиканы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Қазақстанның ISO-мен бірге цифрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді.

Бас хатшы Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, еліміздің ұйым қызметіне белсенді қатысатынын және халықаралық стандарттарды енгізуге әзір екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серхио Мухика табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұмыстардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет танытты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?