Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?