Мемлекет басшысы Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда

Алматы, NEGE. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», – делінген хабарламада.