Мемлекет басшысы Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді.

Ақорда

Алматы, NEGE. Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған.

Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.

Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды