Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

akorda.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып жаңадан тағайындалған Дәурен Қосановты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды