Мемлекет басшысы астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға қатысты түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.

Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.

Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.

Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.

Түзетулердің бесінші блогы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.

Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.

Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.

Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?