Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады.

Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қағазбастылық пен көзбояушылық азаймай келеді: Бектенов әкімдіктерді сынады

Еңбек Ері Ерванд Ильинский: Қазақстан альпинизміне жаңа серпін керек

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбелік депутат тойдағы әрекетінің ерсі көрінгенін мойындады