Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді.

Ақорда

Астана, NEGE. Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді