Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?