Мектептердің қашан ашылатыны мұғалімдердің вакцина қабылдауына байланысты

Аймақтағы мектептерді маусым айында ашу үшін мұғалімдерді вирусқа қарсы егуді мықтап қолға алды.

Алматы, NEGE. Жоспар бойынша Мексика билігі алдағы екі аптада 3 млн-ға жуық ұстаз вакцина қабылдауы тиіс. Ол үшін ел аумағы бойынша қосымша екпе егу орталықтары ашылды. Діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін Мексиканың денсаулық сақтау министрілігі қытайлық CanSino препаратын таңдаған. Оның өзгелерден ерекшелігі вакцинаның 1 ғана дозасы егіледі. Осылайша, билік өкілдері оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектеп қабырғасына оралудың маңыздылығын айтып, ұстаздардың да қауіпсіздігіне баса мән берген.

, Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор: "Оқушылардың барлығы партаға қайта отыру керек. Мектептердегі оқу үрдісін жандандыруымыз қажет. Бұл балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды", – деді.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті