Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?
Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілгенін хабарлады.
Астна, NEGE. Министрлік мәліметінше, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
Ал 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
«Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 17–18 маусым аралығында өтеді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ хабарламада аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісе отырып, мектеп ғимаратында өткізілетіні айтылған.