Мектептерде коронавирусты анықтайтын тест қолданылуы мүмкін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектептерде коронавирусты анықтайтын экспресс-тест қолдануды ұсынды.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, экспресс-тест адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтауға өте тиімді.

«Біз тірі вирус пен мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Қазақстанға әкелініп, тіркеуден өткен барлық негізгі экспресс-тестерді зерттеп, жақсы нәтиже алдық. Бүгінде экспресс-тестілеудің тиімділігі өте жоғары», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің сөзінше, мұндай тесттер қазірдің өзінде Ресейде қолданыла бастаған. Ал келесі аптаның соңына дейін қазақстандық мамандардың экспресс-тестер бойынша зерттеулері Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады.

«Біз мектептерде науқастармен байланыста болған мыңдаған адамды байқап отырмыз. Олардың барлығын экспресс-тесті қолданып, тексеріп көруге болады. Олардың көмегімен, 15-20 минут ішінде оқушының оқуын жалғастыратынын немесе оқшаулануға жіберу қажеттігін анықтауға болады», - дейді ол. Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин бұл бюджеттік қаражаттын үнемдеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады