7 ноября 2022 г. 10:39

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу талқыланды

Фото:

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте білім саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Алматы, NEGE. Кеңесте мектептерде ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартудың жаңа тәсілдері, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету, педагог-ассистенттердің арнайы штаттарын енгізе отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін балабақшалардың қолжетімділігін кеңейту, мектеп педагогтерін Жаппай оқыту қоры бойынша төлемдерді белгілеу бөлігінде кәсіби құзыретіне жатпайтын функциялардан босату, колледждердің техникалық базасын жаңарту, тәрбиешілердің мәртебесін және жалақысын көтеру мәселелері, сондай-ақ басқа да бірқатар бастамалар қаралды.

Тегтер: