Мектептерде 1 қыркүйек салтанатты шара өте ме?

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара тек бірінші сынып оқушыларына арналатынын айтты.

Алматы, NEGE.  Дәстүрлі форматтағы мектептердегі "линейка" тек бірінші сынып оқушылары үшін санитарлық нормаларды сақтай отырып, өткізілетін болады. Ашық аспан астындағы жиыннан балалар өздерінің алғашқы кітабы "Әліппе" мен "Букварьды" қолына ұстап қайтады. 2-11 сынып оқушылары үшін аудиториялық сағаттар сыныптарда ұйымдастырылады, - деді Білім және ғылым министрі үкімет отырысында.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жаңа оқу жылында барлық мектеп оқушылары мен студенттердің дәстүрлі форматта оқитынын айтқан болатын. Барлық мектептер мен университеттер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қабылдайды: күнделікті термометрия, желдету, кварц және зарарсыздандыру жұмыстары.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы