Мектептер қашан штаттық режимге ауысуы мүмкін?
Санитарлық жағдай жақсарған сайын мектептерді штаттық режимге көшіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
Алматы, NEGE. «Қашықтан оқытудың өзі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін тағы да атап өткім келеді. Санитарлық жағдай ескеріліп, жақсарған сайын бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша мектептерді штаттық режимге қайтару үшін жұмыстар жүргізіледі. Бұл мәселе бойынша министрліктің бірнеше ұстанымы бар. Оларды тиісті министрлікке ұсындық», - деді. Бұл сұрақты шешу үшін ары қарай жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті.