Мектептегі жарылыс: 85 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Қабулдағы мектеп алдында болған жарылыстар салдарынан кем дегенде 85 адам қаза тауып, 150 адам жарақаттанған. Бұл туралы ауғандық Ariana news телеарнасы хабарлайды.

Алматы, NEGE.  Оның мәліметінше, Қабулдағы қыздарға арналған мемлекеттік мектептің алдында қатарынан үш жарылыс болған.

Алдымен мектептен алыс емес жерде миналанған автокөлік жарылған. Оның ізін ала екі қолдан жасалған құрылғы жарылады. Қазіргі кезде болған жарылыстар үшін ешкім жауапкершілікті мойнына алмай отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде