Мектепте өрт: Павлодарда 500 шақты адам эвакуацияланды

Жедел жәрдем бригадасы  оқиға орнынан ауруханаға бес адамды алып кетті,  деп хабарлайды

@Pavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE.  Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні Малайсары батыр көшесі, 3 мекенжайы бойынша үш қабатты  № 1 жалпы орта білім беру мектебінен өрт шыққан. 

- Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған.  Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды, - деді департаментте. 

Қазіргі таңда ауруханаға  алып кеткендер бойынша ақпарат нақтылануда. Өрт сағат 11.41-де өрт сөндірілді.  Өрттің шығу себебі анықталуда.  

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 35 қызметкер және 9 техника,  апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1  техника жұмылдырылды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған