Мектепте қолғап кию міндетті емес

Оқушыларға қолғап кию міндетті емес, деп мәлім етті ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.


Алматы, NEGE. «Балаларға қолғап кию міндетті емес, қазір әлеуметтік желіде тарап кеткен жалған ақпарат, ол шындыққа жанаспайды», - деді Қожахметов дүйсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, маска тағу талабы сақталады.
«Балаларға сабақ кезінде маска тағу міндеттеледі, балалар ересектерге қарағанда сирек ауырғанымен, бұл ауруды тасымалдаушылар болып табылады, сондықтан олар тәуекел тобына кіреді», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты