Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін ер адам әйелін балтамен ұрып, саусақтарын шапқан

Қызылорда облысы Шиелі ауданында мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін ер адам әйелін балтамен ұрып, саусақтарын шапқан, өткір құралмен басынан ұрған.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. 42 жастағы әйел қазір жансақтау бөлімінде. Жағдайы әлі де ауыр. Дәрігердің айтуынша, келіншекке политравма диагнозы қойылған. Екі қолы мен оң қолының 2,3,4 саусақтары сынған. Маңдай сүйегінің сынығымен жеткізілді дейді дәрігер.

Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жалғасып жатыр.

Деректерге сүйенсек, күдікті мектепте 21 жыл биология пәнінен сабақ берген. 44 жастағы азамат пен жұбайының бес баласы бар, кенжесі – 4 жаста. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды