Мектеп оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Мәскеудің оңтүстігіндегі мектепте оқушы бала дене шынықтыру сабағы кезінде көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС агентігі.

Алматы, NEGE. Жұма күні Тергеу комитетінің Мәскеудегі бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванованың айтуынша, бұл факті бойынша тексеріс басталды.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, 6 қарашада Мәскеудің оңтүстік әкімшілік округіндегі мектептің бірінде оқушы сабақ кезінде өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болды», – деді ол.

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Оқу орны қызметкерлерінің ішінен лауазымды тұлғалардан жауап алынады. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Юлия Иванова.

Құқық қорғау органындағы дереккөздің нақтылауынша, қайғылы оқиға дене шынықтыру сабағында болды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған