Мектеп оқушысы мемлекеттік емтихан үстінде қайтыс болды

Ресейде мектеп оқушысы мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде көз жұмды.

Алматы, NEGE. Ресейдің Моздок қаласында мектеп оқушысы негізгі мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде кенеттен бақилық болды. 

Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, қыз өте жақсы оқыған және 11-сыныптан кейін университетке түспекші болған, ол өзінің оқу үлгеріміне алаңдаған.

24 мамырда таңертең жасөспірім орыс тілінен емтихан тапсыруы керек еді. Ол қатты қобалжып, ауырып қалған. Мұғалімдер алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, дәрігерлерді шақырған. Оқушы ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Кейінірек өлімге қыздың өз құсығына тұншығуы себеп болғаны хабарланды.

Қыз қайта-қайта құсып, тұншығып қалған.

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін хабарланған инфаркт туралы нұсқаны жоққа шығарды. Соған қарамастан, мектеп оқушысының жүрегі тексеріледі, ол үшін гистологиялық сараптама тағайындалады.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды