Мектеп оқушысы коронавирус жұқтырды

Шығыс Қазақстан облысында мектепте кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Алматы, NEGE. «14 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына қарасты Парыгина елді мекенінде кезекші сыныпта оқитын оқушының (2 сынып) коронавирус жұқтыруының алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болған, барлық симптомдары вирусқа келеді», - деді ол. Оның атап өтуінше, ПТР-тест оқушының коронавирус жұқтырғандығын көрсеткен. «Бала үйінде ем алып жатыр, жағдайы жақсы. Ол оқыған сыныпта барлығы 12 бала болған. Олардың барлығы және мұғалімдері мен байланыста болған тұлғалар вирустың бар-жоғына тексеріліп жатыр», - деді Бағдат Қожахметов.

Қазір оқып жатыр

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады