Мектеп мұғалімдері жасыл алаңда кездесті

Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды, деп хабарлайды NEGE.kz.

Шымкент, NEGE. Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды. Жеңімпаз командалар, ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталады.

Жалпы сайысқа Қаратау ауданында 14 мектептің командасы бақ сынайды. А.Пармановтың айтуынша, келесі апта бұдан басқа мектептер арасында да турнир өткізіліп, ауданның үздіктері анықталмақ.

Мұғалімдер арасындағы алғашқы турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды