Мектеп формасы тегін таратылады

Шығыс Қазақстан облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар мектеп формасымен толықтай қамтамасыз етіледі.

Алматы, NEGE. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, мұқтаж отбасылардағы әрбір бала назардан тыс қалмайды.

«20 тамызға дейін 48 мың оқушы мектеп формасымен тегін қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ осы категориядағы балаларға аяқ киім берілмек. Биылғы оқу жылынан бастап аз қамтылған және көпбалалы жанұялардан шыққан 3 764 бүлдіршін балабақшаға еш ақысыз барады», – деді ол әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында.

Бұдан бөлек, 21 524 оқушы қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады. 1,6 мың балаға нарықтағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алуға мүмкіндік жасалып отыр. Сонымен қатар осы санаттағы балалар жоғары оқу орындарында облыс әкімінің гранты аясында білім алмақ.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді