Мектеп, балабақша жоқ аудандарда көпқабатты үй салуға тыйым салынады

Мектеп, балабақша жоқ аудандарда көпқабатты үй салуға тыйым салынады

Алматы, NEGE. Мәжіліс осындай норма енгізілген заңды қабылдады.

«Заң жобасында 30 жылдан көп пайдаланып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттарын әр 5 жыл сайын апаттылық қаупі бойынша тексеру туралы норма ұсынылды. Тағы бір проблема - кішкентай балалардың терезелерден құлауы. Соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Осыған орай заң жобасымен терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттеледі. Сондай-ақ заң жобасына жаңа талап енгізілді. Енді мектеп, балабақша мен аурухананы салмай жатып, көпқабатты тұрғын үй құрылысына рұқсат берілмейді», - деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады