Мектеп түлегі сыныптасына шампур сұғып өлтірді: Директор қызметінен босатылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысындағы оқушы өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің жай-жапсарын мәлімдеді. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Шампурдан келген кісі өлімі туралы айтсақ, қазіргі таңда «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдікті қамауға алында. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот санкциясы бойынша қамауға алынып, тергеу әрі қарай жалғасып жатыр. Тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы бойынша жергілікті әкімдікке ұсыныс берді. Мектеп директоры қызметінен босатылды. Оның орынбасары мен екі сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылды», – деді Санжар Әділов.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды