Мексикадан шыққан мигранттар АҚШ-қа таяп қалды

Мыңдаған мигрант Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бағыт алды. Олардың дені әйелдер. Reuters агенттігі осылай деп хабарлады.

Getty Images

Алматы, NEGE.  Олардың айтуынша, босқындар көші Мексиканың солтүстік шекарасынан басталған. Полиция мен Ұлттық гвардия олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Мигранттар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін шекарадан өтуге ниетті. Жаңа президент таққа отырса, Америкаға өту шектеле ме деп қауіптенеді. Бұған дейін Трамп заңсыз көші-қонға қарсы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді. Бастама іске асса, шамамен 20 млн босқын Америкадан шығарылуы мүмкін.


Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты